Алматыда самокатпен жарысқан жасөспірімдер полицияға бағынбады
Алматыдағы «Атакент» аумағында электрсамокат пен басқа да электр көліктерін жоғары жылдамдықпен айдаған жасөспірімдерге қатысты полиция рейд жүргізді. Тексеру барысында 12 жастағы баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындардың шағымынан кейін «Атакент» аумағында тексеру ұйымдастырған. Тұрғындардың айтуынша, кейбір жасөспірімдер саябақта демалып жүрген адамдардың арасында электрсамокат пен басқа да электр көліктерін сағатына 80 шақырымнан асатын жылдамдықпен айдаған.
Рейд барысында полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырғандар да болған. Тексеру кезінде 12 жастағы жасөспірім анықталды. Полицейлер онымен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
A post shared by Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және олардың қауіпті әрекеттеріне жол бермеуге шақырды. Құқық қорғау органдары саябақта серуендеп жүрген адамдардың арасында жоғары жылдамдықпен жүру ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін екенін ескертті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 21
-
-
-
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қараша 2026