Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты 2027 жылғы шешім кестесін бекітті
Ұлттық Банк 2027 жылы ақша-несие саясатын айқындауға арналған сегіз отырыс өткізіп, базалық мөлшерлеме бойынша тиісті шешім қабылдауды жоспарлап отыр.
Реттеушінің мәліметінше, барлық шешім аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімдер мына күндері шығарылады: 22 қаңтар, 12 наурыз, 23 сәуір, 11 маусым, 23 шілде, 10 қыркүйек, 22 қазан және 10 желтоқсан.
Бұл ретте сегіз шешімнің төртеуі реттеушінің макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляциялық болжамдарды терең талдайтын болжамды раундтарының нәтижелері негізінде қабылданбақ.
Ал биылғы жылдың қорытынды отырысы 4 желтоқсанға белгіленген. Бұған дейін Ұлттық банк негізгі көрсеткішті 15,75 пайызға дейін түсірген.
Дегенмен кейбір сарапшылар жыл соңына қарай мөлшерлеменің сәл төмендеуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 22
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026