«Кедергі келтіріп отыр»: депутат басшылықсыз қалған «Самұрық-Қазынаны» сынады
Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева отандық кәсіпкерлердің ірі компаниялар мен ұлттық холдингтердің сатып алу рәсімдеріне қатысу кезінде бірқатар кедергіге тап болатынын айтты.
Оның сөзінше, отандық өндірісті қолдауға арналған офтейк-келісімшарттар кейде қысқа мерзімді келісімдермен алмастырылып, кәсіпкерлер ұзақ мерзімді тапсырысқа қол жеткізе алмай отыр.
Депутаттың айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры импортты алмастыруға бағытталған ауқымды бағдарламаларды таныстырғанымен, жеке бизнес сатып алу рәсімдерінен өту кезінде жылдар бойы қиындықтарға кезігеді.
«Кәсіпкерлер ашық айтылмайтын кедергілерге тап болып, офтейк-келісімшарттардың орнына корпоративтік көрсеткіштерді орындау үшін жасалатын қысқа мерзімді шарттар ұсынылады», – деді Еспаева.
Еспаева «Бәйтерек» холдингі мен даму институттары ұсынатын инвестициялық қолдау құралдары да көп кәсіпорын үшін қолжетімсіз екенін атап өтті. Бұған жобаларды іріктеу талаптарының жоғары болуы себеп болып отыр.
Ал коммерциялық секторда несие мөлшерлемесі 16%-дан басталады. Депутаттың пікірінше, өндірістік жобалардың өзін-өзі ақтауы үшін несие мөлшерлемесі 7%-дан аспауы керек.
«Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер офтейк-келісімшарттарды кепіл ретінде қабылдамайды. Кәсіпкерлерден жылжымайтын мүлік пен басқа да қосымша активтер талап етіледі»,- деді депутат.
Еспаева инвестициялық жеңілдіктермен қатар, отандық өндірушілерге өнімін өткізетін тұрақты нарық қажет екенін айтты. Оның сөзінше, өндірістік қуаты бар және кәсіпорнын кеңейтуге дайын компаниялардың өзі кейде кепілді тапсырыс ала алмайды.
Осыған байланысты Дания Еспаева сатып алынатын өнім көлемінің бір бөлігін қазақстандық өндірушілерге бекітіп, олармен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасауды ұсынды. Сондай-ақ мұндай келісімдердің орындалуына заң жүзінде кепілдік берілуі керек екенін айтты.
Депутат тапсырыс берушінің келісілген шарттарды біржақты өзгертуіне, сатып алу көлемін қысқартуына немесе жеткізілген өнімнің ақысын төлеуді созуына жол бермеу қажет екенін атап өтті.
Тағы да оқыңыз: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауда отыр – ҰҚК
Жемқорлық ісі, күштік құрылымдардың қателігі: Сағымбаев қызметінен неге кетті
«Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» ісі: Тоқаев мәлімдеме жасады
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 22
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026