Қайрат Боранбаев «Реал Мадрид» президенті Флорентино Переспен кездесті
«Реал Мадрид» футбол клубының президенті Флорентино Перес алматылық «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаевқа арнайы футбол жейдесін сыйлады. Бұл туралы Боранбаев Instagram парақшасында жазды.
Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі жазбасында былтыр «Реал Мадридтің» Алматыға толық құрамымен келгенін еске алды. Оның айтуынша, сол кезде мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес Қазақстанға ұшып келе алмаған.
Алайда екі клуб басшысы Мадридте кездесуге мүмкіндік тапқан.
«Былтыр «Реал Мадрид» бізге, Алматыға, толық құраммен келді. Президент Флорентино Перес ол кезде ұша алмады, сондықтан бұл жолы мені қонаққа шақырды», – деп жазды Боранбаев.
Ол қазір УЕФА-ның Әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық комитеті төрағасының екінші орынбасары ретінде жұмыс сапарымен Мадридте жүргенін айтты.
Боранбаевтың сөзінше, кездесуден бір күн өткен соң «Реал Мадрид» пен «Сельта» арасындағы матч өткен. Ойын алдында ол Флорентино Переспен футбол туралы әңгімелескен.
«Президентпен футбол туралы әңгімелестік, ол маған KAIRAT 1 деп жазылған футболка сыйлады. Мұнда кім бірінші нөмір екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма. Менің ойымша, екінші нұсқа. Бірақ футболканы өзіме қалдырамын», – деп әзілдеді ол.
Сонымен қатар «Қайрат» басшысы алматылық клубтың соңғы жетістіктеріне тоқталып, команданың дамуын академия мен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жүйелі жұмыстың нәтижесі деп бағалады.
«Қайрат» футбол клубы бір жылда Чемпиондар лигасының алғашқы топтық кезеңінен әлемдегі ең ұлы клубтардың бірінің президентінің жылы сөздеріне дейін жетті. Бұл академия мен біз құрып жатқан жүйенің нәтижесі. Біз енді ғана бастадық», – деп жазды Боранбаев.
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қарсылас атанды. Мадридтік клубтың Алматыға сапары қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін маусымдағы ең көп талқыланған оқиғалардың бірі болды.
- Соңғы
- Қараша, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 21
-
-
-
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026