Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зейнетақы аннуитеті өмірді сақтандыру нарығын қыздырып тұр

kz.kursiv.media

Зейнетақы аннуитеті өмірді сақтандыру нарығын қыздырып тұр

Қазақстандықтар кейінгі жылдары өмірін сақтандыруға бет бұрған. Бұл қозғалыстың басты қозғаушы күші – зейнетақы аннуитеті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегі бойынша, 25 сақтандыру компаниясының 10-ы өмірді сақтандырумен айналысады.

Жыл басынан бері бұл бағыттың активтері шамамен 2,2 трлн теңгеден 3 трлн теңгеге асып, 36% өскен. Соның арқасында бүкіл сақтандыру нарығындағы активтердің шамамен 64%-ы өмірді сақтандыруға тиесілі болып отыр.

Жиналған сақтандыру сыйлықақыларында да дәл осындай серпін бар. Биыл 1 қазанға дейін өмірді сақтандыру бойынша шамамен 855 млрд теңге жиналған, бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 36% артық.

Яғни, сақтандыру нарығына түскен қаржының шамамен 60%-ы қазір өмірді сақтандыру саласына тиесілі.

Ел тұрғындарының әрқайсысына шаққандағы сақтандыру сыйлықақысының ішінде де бұл бағыттың үлесі шамамен 54 мың теңгеге жеткен.

Өмірді сақтандыру саласындағы сыйлықақылардың көбеюіне негізінен ерікті жеке сақтандыру, әсіресе аннуитеттік сақтандыру серпін берген. Ерікті жеке сақтандыру бойынша түсімдер шамамен 529 млрд теңгеден 744 млрд теңгеге дейін өсіп, 41% артқан.

Ал аннуитеттік сақтандыру түсімдері екі есе артық: шамамен 275 млрд теңгеден 593 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 115% шамасында өскен.

Қызметкерлерді жұмыс бабында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру түсімдері шамамен 99 млрд теңгеден 111 млрд теңгеге дейін (+12% шамасында) көтерілген.

Денсауылығына байланысты сақтандыру түсімдері шамамен 4 млрд теңге деңгейінде қалып, 2% шамасында сәл артқан.

Клиенттерге жасалған төлемдер де айтарлықтай өскен. Өмірді сақтандыру саласындағы сақтандыру төлемдері шамамен 102 млрд теңгеден 190 млрд теңгеге дейін артып, шамамен 85% өскен.

Мұнда да негізгі үлес ерікті жеке сақтандыруға (шамамен 68 млрд теңгеден 152 млрд теңгеге дейін өскен), оның ішінде аннуитеттік төлемдерге ( 35 млрд теңгеден 120 млрд теңгеге дейін жеткен) тиесілі.

Өмірді сақтандыру сыныбы бойынша төлемдер шамамен 27 млрд теңге деңгейінде (+2% шамасында), ал қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдері шамамен 35 млрд теңгеден 37 млрд теңгеге дейін (+9% шамасында) өскен.

2026 жыл сақтандыру компаниялары үшін аса табысты болмай тұр. Тамыз айында сақтандырумен айналысатын компаниялар шығынға ұшыраса, қыркүйекте таза пайда 300 млн теңге ғана болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар