Құрылыс нысандарында отандық материалдарды пайдалану қадағаланады – министр
Қазақстанда құрылыс нысандарында отандық материалдарды пайдалану жобалау кезеңінен бастап ғимаратты пайдалануға бергенге дейін цифрлық бақылауға алынады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және 2027 жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау аясында отандық құрылыс материалдарын қолдануды бақылау шаралары қолға алынады.
«Бұл ретте құрылыс жобаларында қазақстандық өнімдерді барынша көп пайдалану және оларды импорттық материалдармен негізсіз алмастыруға жол бермеу көзделген. Осы мақсатта Қазақстандық тауар өндірушілердің цифрлық тізіліміндегі ақпарат құрылыстың барлық кезеңінде ескеріледі»,- деді Нағаспаев.
Нағаспаевтың сөзінше, мемлекеттік қолдау шараларын нақты өндірушілерге бағыттау үшін қазақстандық тауар өндірушілердің цифрлық тізілімі енгізілген. Реестрге енген кәсіпорындардың қандай өнім шығаратыны ғана емес, оны қалай өндіретіні де тексеріледі.
«Қазір реестрде 2,7 мыңнан астам өндіруші бар. Олар 84 мыңға жуық тауар түрін шығарады. Алдағы уақытта өндірісте отандық тауарларды пайдалану мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпарат жасанды интеллект көмегімен талданып, олардың өндірістік қуатын көрсететін цифрлық панель құрылады»,- деді ол.
Оқи отырыңыз: «Халықтық құрылыс» бағдарламасына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 22
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026