Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан 6 жерасты бөлмесі мен 9 туннель табылды
Ыстанбұлдағы әйгілі Айя-София мешітінің астынан ежелгі туннельдер мен жерасты бөлмелері анықталды. Мешітті қалпына келтіру жұмыстары кезінде мамандар жалпы ұзындығы шамамен 420 метр болатын өткелдерді тапты. Бұл туралы Kursiv.media Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғимараттың астынан алты жерасты бөлмесі мен тоғыз туннель анықталған. Мамандардың болжамынша, олардың кейбірі Рим дәуіріне тиесілі болуы мүмкін. Сондай-ақ олар ежелгі қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі ретінде пайдаланылған болуы ықтимал.
Зерттеушілердің ерекше назарын әйгілі Базилика цистернасына қарай бағытталған жерасты өткелі аударған. Туннельдің ішінде әлі күнге дейін су ағып жатыр. Алайда оның қайдан келіп жатқаны әзірге белгісіз.
Профессор Ахмет Гүлечтің айтуынша, су жерасты бұлақтарынан немесе ежелгі акведуктер жүйесі арқылы келуі мүмкін.
Қалпына келтіру жұмыстары шамамен екі жылдан бері жүргізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде мамандар үш мың тоннаға жуық топырақ пен құрылыс қалдықтарын шығарған. Зерттелген өткелдердің ішіндегі ең ұзыны 200 метрден асады.
Болашақта жерасты нысандары туристер үшін ашылуы мүмкін. Алайда бұл жөнінде әзірге түпкілікті шешім қабылданбаған. Алдымен мамандар туннельдердің қауіпсіздігін тексеріп, олардың құрылымдарын нығайтуы керек.
Айя-София – Ыстамбұлдағы әлемге әйгілі тарихи сәулет ескерткіші. Ғимарат Византия императоры Юстиниан I тұсында 532–537 жылдары христиан шіркеуі ретінде салынған. 1453 жылы Осман империясы Ыстамбұлды жаулап алғаннан кейін мешітке айналдырылды. 1935 жылы музей ретінде ашылып, 2020 жылы қайтадан мешіт мәртебесін алды. Айя-София Ыстамбұлдың тарихи аймақтарымен бірге ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 22
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026