Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

900 мың доллар: Саддам Хусейннің ұшағы сатылымға шықты

kz.kursiv.media

900 мың доллар: Саддам Хусейннің ұшағы сатылымға шықты

Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейн үкіметі пайдаланған ұшақ сатылымға шықты. Ирактың Көлік министрлігі 900 мың долларға сатпақшы деп жазады The Economic Times.

Ведомство 18 қарашада мемлекеттік Iraqi Airways әуе компаниясына тиесілі екі лайнердің сатылатыны жайлы хабарлаған. Boeing 747-200 және Boeing 747SP ұшақтары 1982 жылы шығарылған. Әрқайсысын 900 мың долларға бағалап отыр.

Ұшақтар бұған дейін де сатылымға шыққан. Ирак 2010 жылдан бері сатуға тырысып келеді. 2023 жылы Iraqi Airways олардың бағасын 494 мың доллар деп белгілеген еді, қазір құны шамамен 82%-ға өскен. Әуе көліктерін сатып алатын тұлға 180 мың доллар көлемінде қаржылай кепілдік ұсынуы керек. Одан бөлек сатып алу құнының 2%-ы көлемінде сервис жарнасын төлейді.

Екі ұшақ та Иракта емес. 1990 жылы Тегеран Кувейтке басып кіргеннен кейін, қарсыластар оларды әуеден атқылайды деген қауіп болған. Сөйтіп екі ұшақты да шетелге шығарған. 35 жылдан бері ешкім мінбеген әуе көліктері Тунистің оңтүстігінде Тозер-Нефт әуежайында тұр.

Саддам Хусейн пайдаланды деген Boeing-тің «Әл-Кадисия» деген бір атауы бар. Ол үкімет мүшелері үшін VIP деңгейде жабдықталған. Ішінде жеке апартаменттер, конференц-зал да бар. Бірнеше архивтік суреттерде Саддам Хусейннің шетелге ұшқанда осы бортта болғаны бейнеленген, бірақ әуе компания оны ресми түрде растамаған.

Саддам Хусейн – 1979-2003 жылдары Ирак президенті болды. Ол жиырма жылдан астам билік еткен уақытта Иракпен соғыс болып (1980–1988), 1990 жылы Кувейтке басып кірді. Оның соңы Парсы шығанағындағы шиеленіске ұласты.

2003 жылы АҚШ арнайы әскери операция жүргізіп, Хусейн үкіметін биліктен кетірді. Сол жылы қыста экс-президентті қамауға алды. 2006 жылы Ирак соты оны өлім жазасына кесті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар