Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Беларусьте Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз атанды

kz.kursiv.media

Беларусьте Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз атанды

Брест қаласында Қазақстан, Беларусь және Ресей командалары қатысқан армиялық қоян-қолтық ұрыстан халықаралық чемпионат мәресіне жетті.

Жарыста Қазақстан Қарулы күштерінің намысын екі команда қорғады. Олар – Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің спортшылары.

Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс және екі қола медальді қоржынға салды.

Жеке есепте 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лейтенант Олжас Ержанұлы, 85 келіге дейінгі санатта қатардағы жауынгер Әбдірахман Өмірзақов, ал 85 келіден жоғары салмақта сержант Еламан Қуатов чемпион атанды. Күміс медальді 60 келіге дейінгі салмақта подполковник Аман Шәкіртов пен 75 келіге дейінгі салмақта майор Вадим Федосеев иеленді.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта қатардағы жауынгер Мұхит Қасымбай мен 80 келіге дейінгі салмақта ефрейтор Дархан Дабылбек қола жүлдегер атанды.Жалпыкомандалық есепте топ жарған қазақстандық спортшылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, халықаралық спорт аренасында еліміздің Қарулы күштерінің абыройын асқақтатты.

Айта кететін жайт, Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы жасағының тарихында алғаш рет қыз әскери қызметші қызметке қабылданған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар