Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 трлн теңгеге жетті: Асхат Хасенов Президентке есеп берді

kz.kursiv.media

«ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 трлн теңгеге жетті: Асхат Хасенов Президентке есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасеновтің есебін тыңдады. Кездесу барысында компанияның қаржылық тұрақтылығы, мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру және ірі мұнай-газ химиясы жобаларының барысы талқыланды.

Асхат Хасенов бүгінде «ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 триллион теңгені құрайтынын жеткізді. Айтуынша, компанияның қаржылық жағдайы тұрақты және жалпы сомасы 16,7 триллион теңге болатын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы туралы баяндады. 23 жобаны іске асыру аясында 60 000 шақырым көлемінде сейсмикалық барлау жүргізу, сондай-ақ жалпы геологиялық ресурстық әлеуеті 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» қолданыстағы активтерде үнемі қосымша барлау жұмыстарын жүргізеді. Атырау облысында Батыс Қарасор және Маңғыстау облысында Қаражанбастың Жағалау аймағы кен орындарын игеру басталды.

Мемлекет басшысына жасанды интеллект көмегімен кен орындарының цифрлық телнұсқасы енгізіліп жатқаны туралы айтылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тауарлық газ өндіруді қысқа мерзімде 2,6 миллиард текше метрден 4,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде мәлімет берді.

Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді. Жыл қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 800 мың тоннаға өскен.

Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай химиясы зауытының қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар