Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды енді онлайн тапсыруға болады

kz.kursiv.media

Жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды енді онлайн тапсыруға болады

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды енді онлайн тапсыра алады. Бұл үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) барудың қажеті жоқ. Компьютер немесе ноутбук арқылы емтихан тапсыруға болады. Бұл туралы eGov.kz порталының Telegram-арнасы хабарлады.

Әзірге қызмет пилоттық режимде жұмыс істейді және тек Астана қаласында тұрақты тіркеуі бар тұрғындарға қолжетімді. Сондай-ақ емтиханды арнайы ХҚКО-да бұрынғы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі сақталады.

Қашықтан өтетін емтиханға жазылу үшін мына қадамдарды орындау қажет:

Осыдан кейін eGov порталындағы жеке кабинетте тест тапсыруға арналған арнайы сілтеме пайда болады. Ол төлем жасалған күннен бастап 30 күн бойы жарамды және тек өтініш берушінің өзіне арналған.

Бұл қызметті жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын, автомектепті бітіргені туралы жарамды куәлігі мен медициналық анықтамасы бар, көлік басқару құқығынан айырылмаған және диспансерлік есепте тұрмайтын азаматтар пайдалана алады.

Тест 40 сұрақтан тұрады, оны орындауға 40 минут беріледі. Емтиханнан өту үшін кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Тестілеуді күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін тапсыруға болады. Алайда емтиханды бастау уақыты 19:20-дан кеш болмауы керек. Егер үміткер тесттен өте алмаса, келесі күні қайта тапсыруына болады.

Емтихан барысын бақылау үшін бейнежазба, аудиобақылау және компьютер экранын жазу функциялары бар ExamApp қосымшасы қолданылады. Бұған қоса, үміткер өз жанына камерасы қосулы екінші смартфон қоюы керек.

Тестілеуді тек компьютер немесе ноутбук арқылы тапсыруға болады. Ол үшін веб-камера, микрофон және тұрақты интернет байланысы қажет. Емтиханды телефоннан немесе планшеттен тапсыруға рұқсат етілмейді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгергенін хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыз: Жүргізуші куәлігін алмақ болғандардың көбі алғашқы сынақтан өте алмаған

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар