Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандағы UFC турнирі: «Алматы Арена» негізгі алаң ретінде қарастырылып жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстандағы UFC турнирі: «Алматы Арена» негізгі алаң ретінде қарастырылып жатыр

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі қарастырылып жатқанын растады. Жарысты ұйымдастыруға ықтимал орындардың бірі ретінде «Алматы Арена» спорт кешені ұсынылған.

Әкімдік мәліметінше, UFC және Zuffa Boxing турнирлерін Қазақстанда өткізу жөніндегі келіссөздерді Туризм және спорт министрлігі жүргізіп жатыр. Ал Алматы билігі халықаралық жарыстарды қаладағы спорт нысандарында қабылдауға мүдделі.

Қала әкімдігі турнирді ұйымдастыру кезінде қандай міндеттерді атқаратынын да түсіндірді.

«Алматы әкімдігінің міндеті – әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізуге ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсету. Атап айтқанда, спорт нысандарын ұсыну, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, логистика мен қалалық қызметтердің жұмысын үйлестіру», – делінген әкімдік жауабында.

Сондай-ақ жарысты өткізуге қажетті қаржы көлемі әзірге белгісіз. Нақты шығындар сметасы турнир форматы бекітіліп, ұйымдастырушылардың техникалық талаптары алынғаннан кейін ғана жасалады.

Әкімдік халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге негізгі алаң ретінде «Алматы Арена» мұз сарайын қарастырып отыр.

Қала билігінің пікірінше, спорт кешенінің инфрақұрылымы спортшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және техникалық қызметкерлерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, аренада бұған дейін де ірі халықаралық жарыстар ұйымдастырылған.

Алайда UFC турнирінің нақты өтетін күні мен орны әлі бекітілген жоқ.

Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі 2020 жылдың маусымында Астанада өтуі тиіс болған. Сол кезде жарысты «Астана Арена» стадионында ұйымдастыру жоспарланған еді. Басты жекпе-жекте ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес кездесуі керек болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жоспар жүзеге аспады.

2025 жылы Қазақстанда UFC турнирін өткізу туралы келіссөздер қайта жанданды. Алматы әкімдігі 2026 жылы жарыс ұйымдастыру мүмкіндігі жөнінде алдын ала консультациялар жүргізілгенін хабарлаған.

Дегенмен турнир биыл да өткен жоқ.

«Турнирдің күнін белгілеу, жекпе-жектер тізімін жасау және қатысушыларды таңдау промоушеннің құзыретіне жатады. Сондықтан Алматы қаласының Спорт басқармасында жарыстың 2026 жылы не себепті өтпегені туралы ақпарат жоқ», – деп түсіндірді әкімдік.

19 қарашада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда UFC турнирін өткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Министр келіссөздердің нәтижесі ай соңына дейін белгілі болатынын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар