SCAT әуе билеттеріне 20%-ға дейін жеңілдік жариялады
SCAT әуе компаниясы жыл сайынғы SCAT Friday науқанын өткізеді. 27-29 қараша аралығында жолаушылар ел ішіндегі рейстерге 10%, ал халықаралық бағыттарға 20% жеңілдікпен билет сатып ала алады.
Науқан жаңа жылдық мерекелерге, Наурызға және көктемгі маусымдағы басқа да сапарларға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Жеңілдіктер мынадай тәртіппен ұсынылады:
Акциялық бағамен билеттерді 27-29 қараша аралығында қоса алғанда сатып алуға болады. Ал жеңілдік қолданылатын сапар мерзімі 2026 жылғы 1 желтоқсаннан 2027 жылғы 27 наурызға дейін белгіленген.
Науқанға қатысу үшін билет сатып алу кезінде SCAT әуе компаниясының scat.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында SCATFRIDAY промокодын енгізу қажет.
Компанияның мәліметінше, жеңілдік тек әуе тасымалдаушының тұрақты рейстеріне қолданылады.
Тағы да оқыңыз: FlyArystan Ақтаудан шетелге ұшатын рейстерге жеңілдік жариялады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026