Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысындағы Аймаңдай алтын кен орны 40 жылдан кейін қайта жанданады

kz.kursiv.media

Павлодар облысындағы Аймаңдай алтын кен орны 40 жылдан кейін қайта жанданады

Павлодар облысындағы Аймаңдай кен орнында алтын өндіру жұмыстары қайта іске қосылады. 1986 жылдан бері тоқтап тұрған кенішті «Dostyk-2023» компаниясы игермек.

Qazba.kz дерегінше Павлодар облысындағы Аймаңдай алтын кен орнында ашық әдіспен алтын өндіру жұмыстарын қайта бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы желтоқсан айының ортасында Екібастұзда өтетін тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулар қарсаңында жарияланған материалдарда айтылған.

Тыңдаулардың бастамашысы – «Dostyk-2023 (Достык-2023)» компаниясы. Аталған жер қойнауын пайдаланушы 2023 жылдың басында 2029 жылға дейін жарамды қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған №1940 лицензияны алған болатын. Аймаңдай кен орны Екібастұздан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Кен орны 1969–1972 жылдары барланып, 1977–1986 жылдар аралығында игерілген.

Құжатқа сәйкес, кен орнында 225 келіге жуық ықтимал алтын қоры бар (157,1 мың тонна кеннің әр тоннасында орта есеппен 1,43 грамм алтын кездеседі).

«Жобада 177,0 мың тонна құрамында алтыны бар кенді игеру көзделген, оның 152,65 мың тоннасы – ықтимал қорлар, ал 24,4 мың тоннасы – болжамды ресурстар. Сандық мәнде кен ысырабы 7,1 мың тоннаны, құнарсыздануы 12,4 мың тоннаны құрайды. Пайдалану қорларының қорытынды массасы — 157,1 мың тонна, ал ресурстар 25,1 мың тонна болады», — деп нақтыланған жоспарда.

Құжатқа сәйкес, кен өндіру көлемі жылдар бойынша былай жоспарланған: бірінші жылы — 11 мың тонна, екінші жылы — 94,5 мың тонна, үшінші жылы — 55 мың тонна, ал төртінші жылы — 21,7 мың тонна.

Аdata.kz дерекқорына сүйенсек, «Dostyk-2023 (Достык-2023)» компаниясының құрылтайшылары — Берік Умарханов пен Карэн Хуршудян.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар