Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талапкерлер шағымданды: ҰБТ-дағы өзгерістер кейінге қалдырылды

kz.kursiv.media

Талапкерлер шағымданды: ҰБТ-дағы өзгерістер кейінге қалдырылды

Қазақстанда «Химиялық инженерия және процестер» мамандығы бойынша ҰБТ-ның жаңа пәндер комбинациясына көшу кейінге қалдырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

Аталған шешім талапкерлердің жаппай өтініштерінен кейін қабылданды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде «химия – физика» бейіндік пәндері бойынша дайындалып жүрген түлектер тарапынан наразылық туындаған. Себебі жаңа ереже бойынша 2027 жылдан бастап бұл мамандыққа түсу үшін «химия – биология» комбинациясын тапсыру міндеттелмек болған.

Ұлттық тестілеу орталығының түсіндіруінше, пәндер тізбесін өзгертуді республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен салалық жұмыс беруші кәсіпорындар ұсынған. Орталық мамандары «химия – биология» комбинациясы саладағы кадр тапшылығын шешуге және талапкерлердің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Бұл таңдау түлектерге бұрынғыдай бір ғана емес, төрт білім беру бағдарламасы тобы бойынша грант конкурсына қатысуға жол ашады. Сондай-ақ, ведомство өзгерістер туралы ақпараттың оқу жылының басында ресми ресурстарда алдын ала жарияланғанын жеткізді.

Дегенмен талапкерлердің өтініштері ескеріліп, жаңашылдықты енгізу мерзімі шегерілді. Осылайша, 2027 жылы түлектер «химия – физика» немесе «химия – биология» комбинацияларының бірін таңдай алады. Ал «химия – биология» комбинациясына толықтай көшу 2028 жылға жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар