Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Апелляциялық сот экс-әкім Көкірекбаевты босату туралы шешімнің күшін жойды

kz.kursiv.media

Апелляциялық сот экс-әкім Көкірекбаевты босату туралы шешімнің күшін жойды

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты ауыр науқасына байланысты жазадан босату туралы Алатау қалалық сотының қаулысын қайта қарады.

17 қарашада бірінші сатыдағы сот шығарған бұл шешіммен прокуратура келіспей, наразылық білдірген. Апелляциялық алқа соттың заң нормаларын өрескел бұзғанын анықтады: сотталушының сырқаты жазаны өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізіміне сәйкес келмейді. Нәтижесінде №57 мекеменің ұсынысы кері қайтарылып, Көкірекбаевты босату туралы қаулының күші жойылды.

Сонымен қатар, сот алқасы негізсіз қорытынды берген прокурор мен қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің, сондай-ақ, арнайы комиссия мүшелерінің жауапкершілігін қарау үшін Алматы облысының прокуратурасына, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктеріне жеке қаулылар жолдады.

Айта кетейік, 2013–2018 жылдары Жамбыл облысын басқарып, 2019 жылы «Қазселденқорғау» басшысы болған Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсанында ұсталған. 2024 жылдың шілдесінде алқабилер соты оны ақтағанымен, Бас прокуратураның наразылығынан кейін іс қайта қарауға жіберілді.

2025 жылдың шілдесінде Көкірекбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол орынбасарымен бірге іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін ЖШС директорынан пара алған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,9 млрд теңгені құрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар