Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы тұрғынының үйінен тұтас қару-жарақ арсеналы табылды

kz.kursiv.media

Алматы тұрғынының үйінен тұтас қару-жарақ арсеналы табылды

Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Күдікті заттар «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Тінту кезінде тәртіп сақшылары үйден:

Полиция қызметкерлері арнайы сараптаманы қажет ететін барлығы ондаған затты тәркіледі. Үй иесінің айтуынша, ол бұл «коллекцияны» әр жылдары интернет-алаңдар арқылы және Алматы базарларының бірінен сатып алған.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың бір бөлігі макет екенін көрсетті. Дегенмен олардың арасынан атуға жарамды нағыз қарулар да табылды. Атап айтқанда, винтовка, жауынгерлік патрон және суық қару анықталды.

Аталған дерек бойынша полиция қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау және айналымға түсіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар