Еуропа санкциясына іліккен Татьяна Ким Wildberries-тің бас директорлығынан кетті
Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі Wildberries компаниясының негізін қалаған Татьяна Ким 20 бас директор қызметінен кетті деп жазады РБК.
Компания мәліметінше, бұл Татьяна Ким бизнестен кетеді деген сөз емес. Ол Wildberries пен Russ-тың бірігуінен құрылған RWB тобының стратегиялық дамуына жетекшілік етуді жалғастыра береді. Компания өкілдері де басшысының ауысуы Татьяна Кимнің бизнестен кеткенін білдірмейді және маркетплейстің күнделікті жұмысына әсер етпейді дегенді айтады.
Ресейдің заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметке сәйкес, Ким 2026 жылғы 18 қарашада «Вайлдберриз» ЖШҚ басшысы қызметінен кеткен. Ал 19 қарашадан бастап компанияны Алексей Куликов басқарады. Ол бұған дейін «ВБ Инжиниринг» және «Диджико» құрылымдарын да басқарған.
RWB баспасөз қызметі басшылықтағы өзгерісті компанияның корпоративтік құрылымын қайта ұйымдастырумен түсіндірді. 2024 жылдан бері «Вайлдберриз» ЖШҚ RWB тобының құрамына кіреді. Маркетплейстің негізгі операциялық жұмыстары да осы топқа берілген.
Еске салайық, 16 қарашада Татьяна Ким Еуропа одағының санкциясына іліккен. Украина Wildberries компаниясын оның ассортиментінде ресейлік әскери қақтығыста қолданылуы мүмкін тауарлар бар деп айыптайды.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026