Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сүт өндірушілерге берілетін субсидияны қайта қарау ұсынылды

kz.kursiv.media

Сүт өндірушілерге берілетін субсидияны қайта қарау ұсынылды

Қазақстанда сүт пен айран өндірісі артқанымен, олардың бағасы қымбаттап жатыр. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сүт нарығындағы мемлекеттік қолдау мен бағаны реттеу тәртібін қайта қарауды ұсынды.

Агенттік 2024–2025 жылдардағы сүт өнімдерінің көтерме сауда нарығын зерттеген. Талдау барысында кейбір кәсіпорындарға өндірісті толық жүргізу үшін шикі сүт жетіспейтіні анықталған. Ал нарық қатысушылары бағаның өсуіне шикізат, электр энергиясы, газ және тасымалдау шығындарының қымбаттауын себеп еткен.

Мемлекет 2025 жылы сүт өндірісін субсидиялауға 28,8 млрд теңге бөлген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,5 млрд теңгеге көп. Алайда қаржының 77,5%-ы ірі шаруашылықтарға берілген. Агенттік шағын шаруашылықтарға да қолдауды күшейту қажет деп санайды.

Сонымен қатар жеңілдетілген несие алу үшін сүт-тауар фермасы кемінде 400 бас ірі қараға есептелуі керек. БҚДА бұл талап шағын шаруашылықтардың қаржыға қол жеткізуіне кедергі келтіреді деп есептейді.

Агенттік сүт пен айран бағасын реттеу тәртібін де өзгертуді ұсынған. Қазір майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі өнімдердің барлығына, тіпті қымбат қаптамадағы сүтке де баға шектеуі қолданылады. Ведомствоның пікірінше, бұл кәсіпкерлерге қосымша салмақ түсіреді.

Зерттеу кезінде өңірлерде де заң бұзу белгілері анықталған. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкер сүт жеткізу міндеттемесін орындамағанымен, оған қосымша уақыт берілген. Осы жағдайға байланысты «AQJAIYQ» ӘКК-ге хабарлама жолданған.

Талдау қорытындысында БҚДА шағын шаруашылықтарды субсидиялауды қайта қарауды, жеңілдетілген несиеге қолжетімділікті арттыруды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесін жетілдіруді ұсынды. Агенттік нарық қатысушыларына баға бойынша сегіз хабарлама жіберген.

Оқи отырыңыз: Өнімнің сапасын тексеретін ұйымдарды аккредиттеу тәртібі өзгеруі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар