Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Толассыз жаңбыр жауады": Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

kz.kursiv.media

Толассыз жаңбыр жауады: Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

24 қараша түстен кейін Алматыда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қаланың коммуналдық және жедел қызметі су басу қаупіне жедел әрекет ету үшін арнайы техника мен мамандарды дайындап қойды.

«Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат 02:00-ге дейін жалғасады. Жауын-шашын мөлшері 5 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +17…+19 °С шамасында болады.

Су басуы мүмкін жерлерде алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. 1 579 жол қызметкері, 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайын тұр.

Су жиналу қаупі бар учаскелерге ассенизаторлық көліктер мен су соруға арналған жабдықтары бар бригадалар орналастырылады.

Коммуналдық қызметтің күнделікті жұмысына 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады. Көше мен жолдың тазалығын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктердің болжамынша, 25 қараша күндіз жауын-шашын болмайды. Алайда 26 қараша күні түстен кейін жаңбыр қайта жаууы мүмкін.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен тротуарда абай болу, су жиналуы мүмкін аумақтардан аулақ жүру ұсынылды.

Сонымен қатар жүргізушілер де жаңбыр кезінде көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы қажет.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік өңірлерде 25 градусқа дейін күн жылынады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар