Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір көліктен 168 мың теңге үнем: қазақ жанармайы көрші елдерге қалай кетіп жатыр

kz.kursiv.media

Бір көліктен 168 мың теңге үнем: қазақ жанармайы көрші елдерге қалай кетіп жатыр

Жанармай бағасының көрші елдерден арзан болуы қазақстандық мұнай өнімдерінің шекара асып кетуіне себеп болып отыр. Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өз сараптамасында бір ғана жүк көлігінің Қазақстан аумағында отын құюы жүргізушіге ондаған мың теңге үнемдеуге мүмкіндік беретінін және мұның ел ішіндегі отын нарығына қалай әсер ететінін есептеп көрсетті.

Қазақстаннан Қырғызстанға баратын жүк көлігінің жүргізушісін елестетіп көріңіз. Оған 500 литр дизель қажет. Егер шекараға дейін құйып алса, 178 мың теңге төлейді. Ал шекарадан өткен соң – 256 мың теңге. Қазақстандағы жанармай бекетіне бір тоқтаған жүргізуші 78 мың теңге үнемдейді. Өзбекстанға барар жолда айырмашылық одан да көп, 500 литр үшін – 168 мың теңге.

Бұл 500 литрдің бәрі Қазақстандағы сатылым статистикасына кіреді. Ал жүргізушінің бұл отынмен шекара сыртында қанша шақырым жүретінін түбіртектен білу мүмкін емес.

Болжам бойынша, 2026 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 14,4 млн тонна ашық түсті мұнай өнімдерін шығарады. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға, ал 2024 жылмен салыстырғанда 2 млн тоннаға көп.

Дизельге сұраныс жылына орта есеппен 500 мың тоннаға артып келеді. Биыл үш ірі мұнай өңдеу зауыты дәл осындай көлем қосуды жоспарлап отыр. Өткен жылы олар 6,1 млн тонна дизель өндірсе, биыл рекордтық 6,6 млн тонна шығаруды көздеп отыр.

АИ-92 бензиніне қатысты жағдай сәл тәуір. Зауыттар 4,7 млн тонна шығаруды жоспарласа, күтілетін сұраныс – 4,6 млн тонна. Айырмашылық бар болғаны 100 мың тонна.

Шекараның екі бетінде бір литр қанша тұрады?

Айырмашылық қарапайым жеңіл көлік үшін де айқын байқалады. Қазақстанда 50 литр АИ-92 бағасы 12 700 теңге тұрады. Дәл осындай жанармай үшін Ресейде жүргізуші 6 200 теңге, Қырғызстанда 9 850 теңге, ал Өзбекстанда 16 250 теңге артық төлейді. Шекарадан бәрібір өтетін адамға Қазақстан аумағында құйып алған тиімді.

Бұл үш елдің бәрі Қазақстанмен шекаралас. Жүргізушілердің отынды қосымша бактарға құйып алуға тырысады. Жыл басынан бері 159,5 тонна жанармай елден заңсыз шығарылмақ болған.

Бұрын Қырғызстан шетелден сатып алатын бензиннің 90 пайыздан астамы Ресейден келетін. Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққыдан кейін жанармай жеткізуде іркіліс басталды. Қырғызстан отынды, соның ішінде Қытайдан да импорттай бастады.

Ал қырғыз жүргізушісі жүк көлігіне Қазақстандағы жанармай бекетінде отын құйған кезде, бұл сатып алу Қазақстан ішіндегі сауда ретінде есептеледі.

Нұрлан Жұмағұлов атап өткендей, егер Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Орталық Азияға қысқы дизель аз түссе, Қырғызстан тасымалдаушыларының Қазақстанмен шекарада отын құюға тағы бір себебі пайда болады. Мәселе тіпті көрші елдің экономикасын субсидиялауда да емес, отынның сыртқа кетуінен ел ішінде тапшылық туындауы мүмкін.

Қазақстан үкіметі 2023 жылдың сәуірінде мынадай деректер келтірген болатын: бір жылда елдің бір тұрғынына 370 литр дизельден, Ресейде 225 литр, Қырғызстанда -98 литр, ал Өзбекстанда 44 литрден келген. Көрсеткіштерге жүк көліктері, трактор мен комбайндар тұтынатын отын да кіреді. Шығын көлеміне қашықтық, тасымал көлемі және егіс науқаны әсер етеді. Сондықтан елдерді бір ғана салыстыру арқылы шекара сыртына қанша дизель кеткенін айту қиын.

Сарапшының пікірінше, көлемді шекара маңындағы жанармай бекеттерінің сатылымы арқылы бағалауға болады. Мысалы, шекарадан шамамен сонша жүк көлігі өтіп жатса, ал көрші елде дизель қымбаттағаннан кейін қазақстандық бекеттер отынды едәуір көп сата бастаса, бұл сұраныстың қандай бөлігі баға айырмашылығымен байланысты екенін түсінуге көмектеседі.

Қазақстанда жүк көлігіне бір рет отын құюдың өзі оңтүстік бағыттарда жүргізушіге 78 мыңнан 168 мың теңгеге дейін үнем болып тұрғанда, ол шекарадан толық бакпен өтуге тырысады.

Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елде жанар-жағармай бағасы күрт өссе, мемлекет баға саясатына араласатынын мәлімдеген. Қазіргі кезде үкімет отын бағасын реттемей, еркін айналымға жіберген. Сонда да Қазақстандағы бензин мен дизель көрші елдермен салыстырғанда арзан болып тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар