Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экс-министр Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» басшысы болып тағайындалды

kz.kursiv.media

Экс-министр Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» басшысы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. 24 қарашада Мемлекет басшысының жарлығымен осы лауазымнан босатылды.

2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» компаниясында басқарушы директор болып жұмыс істеген. Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қызмет атқарған. Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтерде болған.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Бүгін Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатқан еді.

Оқи отырыңыз: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауда отыр – ҰҚК

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар