ІІМ орынбасары Игорь Лепеха қызметінен кетті
Тоқаев ІІМ орынбасары Игорь Лепеханы қызметінен босатты деп хабарлайды Ақорда. Оның қызметінен кетуіне не себеп болғаны белгісіз.
Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары туралы не белгілі?
Игорь Лепеха 64 жаста. 2022 жылғы 6 қазанда Тоқаев оны ішкі істер министрінің орынбасары етіп тағайындады. Бұл қызметте төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеді.
Ол Қарағанды облысы Осакаровка кентінде дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1986 жылы бастаған. 2011–2018 жылдары Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетін басқарды. Ал 2020–2022 жылдары министрлік аппаратын басқарған.
Қызмет барысында «Даңқ» орденінің I және II дәрежелерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Лепеха елдегі қарт шенеуніктің бірі, қараша айының соңында ішкі істер вице-министрдің зейнетке шығатын уақыты болған еді. Ол үкімет кулуарларында өзіне қойылған өткір сұрақтарға мүдірмей жауап беріп үйренген. Әзірге қызметінен не себепті кеткені нақты белгісіз.
Еске салайық, 12 қарашада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Осыдан кейін президент ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатты
Кейінірек Айбек Смадияров Ермек Сағымбаевтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылу себебін түсіндірді. Оның айтуынша, Тоқаев топ-менеджерлерді ұстау кезінде күштік құрылым қызметкерлері қателік жіберді деп есептеп, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026