Елдегі үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үш микроқаржы ұйымын лицензиядан айырды. Тексеріс кезінде бұл ұйымдардың құқық бұзғаны белгілі болды.
Лицензиядан айыру туралы шешім 23 қарашада қабылданды. Оған сәйкес төмендегі микроқаржы ұйымдары лицензиядан айырылды:
Лицензиядан айырылған күннен бастап ұйымдардың микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде жаңа микрокредиттер беруге құқығы жоқ.
Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге заңда көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
Енді бұл ұйымдар 30 күн ішінде атауынан «микроқаржы ұйымы» немесе несие беру қызметін білдіретін сөздерді алып тастап, қайта тіркелуі тиіс. Не болмаса кәсіпорынды қайта құру немесе жабу туралы шешім қабылдауы керек.
Қарыз алушылардың қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелері сақталады және шарттар мен заңнама талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.
Бұған дейін де агенттік тұтынушы құқығын бұзған жеті микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026