Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісу облысында 38 жылқы өртеніп кете жаздады

kz.kursiv.media

Жетісу облысында  38 жылқы өртеніп кете жаздады

Жетісу облысында Күршімнен Шымкентке бара жатқан жүк көлігі отқа оранып, ішіндегі 38 жылқы өртеніп кете жаздады.

Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде өртене бастаған Volvo жүк көлігін байқаған.

«Тәртіп сақшылары дереу тоқтап, өрт сөндіргіштерді алып, жүргізушіге көмек көрсетуге асыққан. Жүк көлігінің ішінде 38 жылқының болуы жағдайды күрделендіре түскен. Өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, полиция қызметкерлері малды құтқаруға кіріскен. Сонымен қатар олар өртті сөндіру шараларын да қатар жүргізген», – делінген полиция ақпаратында.

Полицейлер барлық жылқыны қауіпсіз жерге шығарған. Анықталғандай, жүргізуші жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кететін жайт, Шығыс Қазақстан облысында үш апта бұрын жоғалып кеткен 30 жылқы дронның көмегімен табылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар