Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандағы ауылдардың 92%-ы оптикалық интернетке қосылады

kz.kursiv.media

Қазақстандағы ауылдардың 92%-ы оптикалық интернетке қосылады

Қазақстанда келесі жылы ауылдардың 92%-ын оптикалық интернетпен қамту жоспарланып отыр. Биыл жыл соңына дейін жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылған ауылдардың саны 3 704-ке жетеді. Ал 2027 жылы тағы 1 863 ауылға оптикалық желі жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда барлығы 6 060 ауыл бар. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында биыл жыл соңына қарай олардың 61%-ы оптикалық желімен қамтылады. Келесі жылы бұл көрсеткішті 92%-ға жеткізу көзделген.

Ал желі тарту қиын шалғайдағы қалған 8% ауыл спутниктік интернетке қосылады.

«Қай жерде тұрса да, әр азамат цифрлық мүмкіндіктерді бірдей пайдалана алуы керек. Мақсатымыз – цифрлық теңсіздікті жою», – деді Жаслан Мәдиев.

Министр «Қазақтелеком» компаниясы жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауы керектігін атап өтті.

Қазір Қазақстан ауылдарының 84%-ында мобильді интернет қолжетімді. Байланыс сапасын жақсарту үшін 3G базалық станциялары жаңартылып, 4G желісіне көшіріліп жатыр. Сонымен қатар қалалар мен ауылдарда 5G желісі кеңейтілуде.

2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тарту жоспарланған. Сол уақытқа қарай 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс. Нәтижесінде ауылдардың 92%-ында мобильді интернет қолжетімді болады.

Бұл жұмысты жеделдету үшін әкімдіктер базалық станцияларды орнатуға қажетті жер учаскелерін уақытында бөліп, электр желісін тартуы керек. Бұл байланыс операторларына инфрақұрылымды тезірек кеңейтуге мүмкіндік береді.

Байланыс инфрақұрылымын дамыту аясында республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жолды мобильді байланыспен қамту міндеті қойылған. Ол үшін антенналар орнатылатын 500-ден астам мұнара салу қажет.

Алайда министрдің мәліметінше, әзірге құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатыр. Жобаның инвесторы – «Транстелеком» компаниясы нысандар құрылысын жеделдетіп, оларды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беруі тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар