Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дженсен Хуангті Nvidia қызметкерлері қошеметпен қарсы алды (видео)

kz.kursiv.media

Дженсен Хуангті  Nvidia қызметкерлері қошеметпен қарсы алды (видео)

Дженсен Хуанг Nvidia компаниясының бас директор қызметіне қайта оралды. Оны қызметкерлері зор қошеметпен қарсы алып, «Біз сені жақсы көреміз, Дженсен!», – деп ұрандатқан. Компания қызметкерлерінің бірі Хуангті қарсы алған видеоны желіге жариялады.

Nvidia басшысы Калифорния штатындағы Санта-Клара қаласында орналасқан бас кеңсесіне барды. Оны әріптестері, қызметкерлері ғимараттың кең фойесінде қол шапалақтап, күтіп алған. Кездесу кезінде Хуанг оларға алғысын білдіріп, өзінің жұмысқа қайта кіріскен алғашқы күні екенін айтып әзілдеп те үлгерді.

«Бүгін менің алғашқы жұмыс күнім. Компьютерім жоқ, сондықтан IT бөлімі маған жаңасын береді», – деді ол.

Сонымен қатар компания басшысы ұжымнан кешірім сұрап, өзіне екінші мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Мен бірнеше үлкен қателік жібердім. Енді бәрін түзету үшін жұмыс істеймін. Екінші мүмкіндік бергендеріңізге рақмет. Бұл жолы бұдан да жақсы басшы боламын», – деді Дженсен Хуанг.

if you come for the king, you best not miss https://t.co/yb2eV1d5do— abir (@aburducky)

Еске салайық, 23 қарашада қызметінен кеткенін жариялағанына екі апта толмай жатып, Дженсен Хуанг Nvidia компаниясының басшылығына қайта оралды. Директорлар кеңесі бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.

Оқи отырыңыз: Дженсен Хуанг кейсі: жеке өмірдегі опасыздық лауазымды тұлғаларға қалай әсер етеді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар