Ақтөбеде аурухана қызметкері оттегі қоймасындағы оқиғадан кейін көз жұмды
Ақтөбеде №1 қалалық көпсалалы аурухананың қызметкері жұмыс орнында ауыр күйік алып, қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.
Қазақпарат мәліметіне сүйенсек, жазатайым оқиға 14 қараша күні аурухананың оттегі қоймасында болған. Өрт шығу салдарынан жұмысшының денесін ауыр күйік шалып, ол кейін ауруханада көз жұмған. Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы да, Төтенше жағдайлар департаменті де бұл туралы ресми ақпарат таратпаған.
Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің еңбек инспекторы Еркебұлан Омардың айтуынша, оқиға туралы хабарлама келесі күні түскен. Кейінірек аурухана басшылығынан арнайы тергеуге қатысу туралы ресми хат келіп түскен.
Қазіргі таңда құрылған арнайы комиссияның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші және кәсіподақ өкілі енді.
- Соңғы
- Қараша, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026