Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодардағы №3 жылу электр орталығында өрт шықты

kz.kursiv.media

Павлодардағы №3 жылу электр орталығында өрт шықты

Павлодар қаласындағы №3 жылу электр орталығының аумағында өрт болып, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды жедел ауыздықтады.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшелері нысан аумағындағы градирняның (су салқындатқыш мұнара) ағаш торламасы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Жағдайды бақылауға алу үшін оқиға орнында шұғыл түрде өрт сөндіру штабы құрылды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын толықтай сөндірілді. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖМ мәліметінше, өрт шыққан градирняда сол уақытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Оқыс оқиға станцияның өндірістік процесіне еш әсер еткен жоқ, қазіргі таңда кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, осыған дейін 20 қараша күні таңертең Алматының Медеу ауданындағы төрт қабатты университет ғимаратында өрт шыққан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар