Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әсел Тасмағамбетова парақшасында отандық өнімдерді тегін жарнамалайды

kz.kursiv.media

Әсел Тасмағамбетова парақшасында отандық өнімдерді тегін жарнамалайды

Әсел Тасмағамбетова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған Made in KZ атты жаңа айдар ашқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, он жылдан астам уақыт бойы «Өз ісіңді баста» жобасы арқылы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде сапалы өнім өндірумен қатар, оны тұтынушыларға таныстырудың да маңызы зор екенін түсінген.

Осыған байланысты ол көпшілікке әлі кеңінен таныла қоймаған қазақстандық брендтер мен олардың өнімдерін тұрақты түрде стористерінде жариялап, арнайы айдарда жинақтап отыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда өнім өндіретін кәсіпкерлер өз тауарлары туралы қысқаша ақпаратты оның көмекшісіне жібере алады. Әсел Тасмағамбетова барлық ұсыныспен жеке танысатынын жеткізді.

«Осы айдар аясында өзіме ұнаған қазақстандық брендтер мен олардың өнімдерін стористерімде тұрақты түрде таныстырып, жарияланымдарды парақшамдағы Made in KZ атты арнайы бөлімге жинақтап отырамын. Отандық брендтерді бірге танытып, қолдайық», – деп жазды ол.

Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Кеңес Рақышев жұбайының бұл бастамасына қолдау көрсеткен.

«Өте керемет бастама. Сен бастаған әрбір іс өте жоғары деңгейде жасалып, сапалы болатынына мен бірінші куәмін»,- деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз: «Махаббатыңды жоғалтпадың» – Кеңес Рақышев Әсел Тасмағамбетоваға сезімін жеткізді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар