"Болашақтан" келген қаймақ: ШҚО тұрғыны моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алды
ШҚО тұрғыны шығарылған күні алдағы уақытпен белгіленген қаймақ үшін моральдық өтемақы алды.
YK-news.kz ақпаратына қарағанда, тұтынушы Алтай аудандық сотына серіктестік үстінен арызданып, тұтынушы құқығын қорғауды және моральдық зиянды өтеуді сұраған.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай қаласының тұрғыны дүңгіршектердің бірінен сүт өнімдерін (сүт және екі стақан қаймақ) сатып алған. Үйіне келген соң, қала тұрғыны қаймақ құйылған ыдыстарда өндірілген күні алдағы күнмен көрсетілгенін анықтаған.
Осыған байланысты талап қоюшы тұтынушыларды алдау дерегі бойынша Алтай ауданының полиция бөліміне жүгінген. Нәтижесінде жауапкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ қала тұрғыны құзырлы мемлекеттік органдарға шағымданған. Соның нәтижесінде ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Бұдан бөлек, аудан орталығының тұрғыны жауапкер тауардың сапасына қатысты тұтынушылық құқықтарын бұзды деп есептеп, сотқа талап арыз берген. Оның айтуынша, осы жағдай салдарынан күйзеліске түсіп, денсаулығына байланысты қиындықтар туындаған. Осыған орай ол жауапкерден моральдық зиян үшін 50 000 теңге көлемінде өтемақы өндіруді сұраған.
«Сотта тараптар татуласу келісімін жасасты. Жауапкер талап қоюшыға моральдық зиянды өтеу есебінен 20 000 теңге төледі. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кететін жайт, Yandex-тегі ақаудан кейін таксистер мен курьерлерге өтемақы төлеу ұсынылған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 23
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026