Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пойыз, ұшақ, демалыс орындары: тағы 50 туристік орынға интернет тартылады

kz.kursiv.media

Пойыз, ұшақ, демалыс орындары: тағы 50 туристік орынға интернет тартылады

Қазақстанда туристік нысандар мен жолаушылар көлігін интернетпен қамту жұмысы кеңейтіледі. 2027 жылы Air Astana ұшағындағы спутниктік интернет қызметін тағы 20 бортқа енгізу және 50 туристік орынды желіге қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір интернетке көлік құралдары, туристік нысандар мен шекарадағы өткізу бекеттері қосылып жатыр. Мәселен, Air Astana әуе компаниясының бір ұшағында OneWeb спутниктік интернеті жұмыс істейді. Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының 1 500 жолаушылар вагонында Starlink спутниктік желісі арқылы Wi-Fi қолжетімді.

«Биыл танымал 10 туристік орын интернетке қосылды. Келесі жылы тағы 50 нысанды желіге қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің мәліметінше, қазір еліміздегі барлық шекаралық өткізу бекеті интернетпен қамтылған. Бұл үшін оптикалық талшықты желілер мен спутниктік байланыс пайдаланылып жатыр.

Оптикалық желі тарту қиын шалғай ауылдарда да спутниктік интернет қолданылады. Бұдан бөлек, Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп Direct-to-Cell технологиясы іске қосылған. Ол смартфонды спутникке тікелей қосып, хабарлама жіберуге және интернеттің негізгі қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бұл технология арқылы еліміздің кез келген нүктесінде спутниктен смартфонға тікелей байланыс орнатуға болады. Қазір қызмет Android құрылғыларында қолжетімді, ал iOS жүйесіне бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр», – деді министр.

2027 жылы Қазақстан нарығына Shanghai Spacecom Satellite Technology және Amazon LEO компанияларының шығуы күтіледі. Осылайша, OneWeb, Starlink, Shanghai Spacecom Satellite Technology және Amazon LEO компанияларының жерүсті станциялары Қазақстанда орналасуы мүмкін.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, төрт оператордың да жерүсті станциялары орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы ел Қазақстан болады. Бұл инфрақұрылым ұлттық қауіпсіздік талаптарына да сәйкес келеді.

Тағы да оқыңыз: Қазақстандағы ауылдардың 92%-ы оптикалық интернетке қосылады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар