Жауынгер Тахтай түрмедегі адамның өтінішін орындап, ұлын тегін жаттықтырып жүр
Қазақстандық жауынгер Василий Тахтай түрмеде жазасын өтеушіге берген уәдесінде тұрып, ұлын жаттықтырып жүр.
Түзеу мекемесіне барған кезінде спортшыға Сүйіндік есімді азамат өтініш білдірген. Ол ұлы Ибрахимнің ММА-мен айналысатынын, түрлі жарыстарда бірінші және екінші орындарға ие болып жүргенін, алайда отбасының қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтқан.
Сүйіндік Василийден ұлын өз қамқорлығына алып, қолдау көрсетуін сұраған. Тахтай оның өтінішін жерге тастамады. Арада бірнеше күн өткен соң Сүйіндіктің ұлы Ибрахим спорт залына келген. Оны залда спортшының өзі қарсы алған.
«Бұл – Сүйіндіктің ұлы. Әкесіне берген уәдемде тұрамын. Енді ол менің залымда жаттығу жасайды. Енді біздің командамызда. Сені бірінші, екінші орын алады деп айтты. Киіміңді ауыстырып, кел», – деді Тахтай.
A post shared by ZTB News (@ztb_sports)
Ибрахим танымал жауынгер Василий Тахтайдың өзі жаттықтыратынын білгенде қалпағын аспанға атып қуанғанын жасырмады.
«Ұйықтап жатқанмын. Оянғанда папамның достары видео жіберіп: «Ертең Тахтайға бар» деді. Қуанып кеттім», – деді.
Жауынгер Тахтай әкесінің ұлына видео арқылы берген батасын көрсеткенде, ұлы көзіне еркісіз жас алды. Жаттықтырушысына чемпион болуға уәде берді.
Айта кетейік, Василий Тахтай – қазақстандық жауынгер әрі жаттықтырушы. Ол ММА, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсудан әлем чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Айта кететін жайт, ММА-дан әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы алтынынан айырылған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026