Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Alatau City аймағында 67 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

kz.kursiv.media

Alatau City аймағында 67 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Alatau City аймағында 67 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалардың жалпы құны 6,9 млрд долларды құрайды. Жобаларды іске асыру барысында 55 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.

Бұл туралы «AIFC Diplomatic Day: Kazakhstan Diplomatic Investment Dialogue» инвестициялық диалог барысында айтылды.

Жиын барысында Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін, қаланы дамытудың негізгі бағыттары жайлы айтқан.

Қазіргі кезде Аlatau City-дің 2055 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму жоспары әзірленген. Құжатты дайындауға Arup халықаралық компаниясы тартылған.

«Құжатта іскерлік және тұрғын аудандарды қалыптастыруды, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, қаланың кеңістіктік және экономикалық дамуының негізгі бағыттары айқындалған», – делінген хабарламада.

ACA басшысы дипломатиялық корпус өкілдерін шетелдік инвесторларды тартуға белсенді қатысуға шақырды.

Бұған дейін Alatau City жобасына Лондонда 1,3 млрд доллар тарту туралы келісімге қол қойылған. Алатау қаласында инвесторлардың құқығы Конституциямен қорғалатын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар