1967 жылы шыққан Ferrari 18,9 миллион долларға сатылды
1967 жылғы Ferrari 275 GTB/4*S NART Spider родстері аукционда 18,9 миллион долларға сатылды.
Автопилот ақпаратына қарағанда, алғашқы иесі актер әрі автокөлік жарысының шабандозы Стив Маккуин болған. Сауда-саттық Gooding Christie’s аукционы аясында Retromobile New York көрмесінде өткен. Автокөлік алғаш рет ашық аукционға шығарылды. Бұл модельдің небәрі 10 данасының бірі, шасси нөмірі – 10453.
Сауда-саттық 10 миллион доллардан басталып, 17,2 миллион доллармен аяқталды. Сатып алушының комиссиясын қосқанда, көліктің түпкілікті бағасы шамамен 18,9 миллион доллар болды.
Дегенмен модельдің баға рекорды басқа данасына тиесілі. 2013 жылдың тамызында шасси нөмірі 10709 болатын көлік RM Sotheby’s аукционында Монтерейде 27,5 миллион долларға сатылған.
Маккуиннің көлігі бастапқыда Blu Sera түсіне боялып, салоны Connolly фирмасының қара былғарымен қапталған. Актер кейін көліктің шанағын қоюлау металлик көк түске қайта боятып, ішкі әрлеуін өзгерткен. Бамперлерін алып тастап, радиоқабылдағышы бар орталық консоль орнатқан.
1967 жылы сатып алғаннан кейін көп ұзамай көлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Кептелісте тұрған Ferrari көлігін артынан басқа автомобиль соққан.
Айта кететін жайт, Ferrari тарихындағы алғашқы толық электрлі автомобиль — эксклюзивті Luce моделі 40 млн долларға сатылған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026