Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған

kz.kursiv.media

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған

Алматының Медеу ауданында ер адам бірге ішімдік ішкен танысын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырмақ болған. Алайда полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйде болған. Екі ер адам бірге ішімдік ішіп отырған кезде жанжалдасып қалған.

Жанжал барысында үй иесі, 50 жастағы ер адам 45 жастағы танысына пышақ сұғып, өлтірген. Кейін қылмыс ізін жасыру үшін марқұмның денесін үйдің жертөлесіне апарып жасырған.

Алайда жедел-іздестіру шаралары кезінде «Боран-609» патрульдік экипажы күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан қылмыс құралы тәркіленген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар