Қарағандыда қорап көтерген қарияны автобустан түсіріп тастады
Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы қоғамдық көліктердің бірінде болған жанжал қызу талқыланып жатыр. Базар маңынан қолында бірнеше қорабы мен сөмкесі бар егде жастағы ер адам автобусқа мінген. Куәгерлердің айтуынша, салон іші жартылай бос болғанына қарамастан, жүргізуші жүгіне бола жолаушыдан көліктен шығуын талап еткен.
Жол жиегінде қалып қойған қораптарды автобус басып өткен. Бұл оқиға туралы eKaraganda.kz басылымы жазды.
Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)
Қалалық жолаушылар көлігі бөлімі аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, жүргізушінің жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін жүргізуші жұмыстан шеттетілді, кейіннен жұмыстан шығарылады. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтыру үшін ақпарат полиция органдарына жолданды», – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта № 5 автобус паркі қызметтік тексеру бастап, автобустың ішіндегі және сыртындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеуде. Сонымен қатар, қалалық бөлім тасымалдаушыға жүргізушілердің жұмысын бақылауды күшейтіп, жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті мен ережелерін қайта түсіндіруді тапсырды.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026