4 желтоқсаннан бастап спорттағы үстемеақылар жаңа тәртіппен төленеді
4 желтоқсаннан бастап олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша үстемеақылар әрбір спорттық дисциплинадағы ең жоғары нәтиже бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Бұрынғы шектеу (барлық дисциплинаға ортақ бір ғана үздік көрсеткіш) тек олимпиадалық емес спорт түрлері үшін сақталды.
Егер жарыстар кейінге қалдырылса немесе өткізілмей қалса, 1 және 2-үстемеақыларды төлеу бұрынғы спорттық нәтижелер негізінде 1 күнтізбелік жылға ұзартылады.
Мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ротацияланған жағдайда 1-үстемеақы (оқу-жаттығу процесін қамтамасыз еткені үшін) штат кестесіне сәйкес бірден тағайындалады.
Спорт саласында еңбек өтілі жоқ (1 жылдан аз) жаңа қызметкерлерге 1-үстемеақы қаржы жылының қорытындысы бойынша тағайындалады (нұсқаушы-спортшылар бұл санатқа кірмейді).
70%-ға дейін үстемеақы алатындар тізімінен ер-тұрманшылар, қайраушылар және майлаушылар алынып тасталды. Олардың орнына «жаттықтырушы-майлаушы» лауазымы енгізілді. Сонымен қатар, 40%-ға дейін үстемеақы алатындар тізіміне диеталық мейірбике қосылды.
Толығырақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2026 жылғы 18 қарашадағы № 224 бұйрығынан танысуға болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026