Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балаеваның орнына Жексенбай келді: ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

kz.kursiv.media

Балаеваның орнына Жексенбай келді: ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, комиссияның жаңа құрамына мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер, психологтер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.

Комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда Аида Балаева болған еді.

Ал комиссия төрағасының орынбасарлары ретінде Құрылтай депутаты, Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева және кәсіпкер, Астана әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова белгіленді.

Комиссия хатшысы қызметін гендерлік және отбасылық саясат саласының сарапшысы Гаухар Нұрахметова атқарады.

Жаңартылған құрамға қоғам қайраткерлері Зүлфия Байсақова, Ләззат Қалтаева, Светлана Айтбаева, Тоғжан Қожалы, журналист Айгүл Мүкей, кәсіпкерлер Инна Апенко мен Азиза Шөжеева, сондай-ақ басқа да мамандар кірді.

Жарлық 2026 жылғы 24 қарашада қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар