Назым Қызайбай халыққа назын білдірді
Қазақстандық боксшы, Әлемнің үш дүркін чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіге жазба қалдырып, халыққа назын білдірді.
Ол өзінің осыған дейін қазақтан шыққан үш дүркін Әлем чемпионы болғысы келгенін және сол сөзінде тұрғанын еске салды.
«Айтқан сөзімде тұрдым. Мен үшін сөз — жай ғана сөз емес, ол жауапкершілік. Арты — еңбек, тәртіп пен барымды салу… Үлкен спортта бір шындық бар: нәтижең барда керексің, нәтижең жоқта бәрі өзгереді. Адамдар да, басшылық та, көзқарастар да уақытша. Ал сенің еңбегің, төзімің, құрбандықтарың мен жеткен жетістіктерің — сенің тарихың. Сондықтан мен үшін ең маңыздысы — өз жолыма адал болу…» – деп жазды спортшы.
Айта кетейік, 33 жастағы Назым Қызайбай Қазақстандағы ең титулды әйел боксшы саналады. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының бес медалі бар. Соның үшеуі – алтын. Бұған қоса, ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған.
Қызайбай – Қазақстан боксы тарихында Әлем чемпионатын үш рет ұтқан жалғыз спортшы.
Дегенмен қарашада өткен Қазақстан чемпионатының 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Шымкент қаласының өкілі Элина Базароваға есе жіберген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026