ШҚО-да Ертіс өзенінде үш балықшы суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысындағы қатып үлгермеген Ертіс өзеніндегі жұқа мұзға құтқару кеудешелерін кимей шыққан үш балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz.
Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылының маңында болған.
«Ертіс өзенінің жағалауында жұқа мұзға шыққан 1984, 1960 және 1967 жылы туған үш балықшы суға батып кетті. Ер адамдардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған. Марқұмдардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шықты», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменті алғашқы аяз түскенімен, су айдындарындағы мұздың әлі толық қатпағанын ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында Есен өзенінде жұқа мұз ойылып, үш балықшы қайтыс болған еді.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026