Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтау тұрғыны алаяқтарға аударған 2 млн теңгесін сот арқылы қайтарып алды

kz.kursiv.media

Ақтау тұрғыны алаяқтарға аударған 2 млн теңгесін сот арқылы қайтарып алды

Өздерін ХҚКО, банк және киберполиция қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар Ақтау қаласының тұрғынын есепшоттарын қорғау желеуімен 4,4 млн теңге несие алуға көндірген. Қаражат төрт бейтаныс адамның шотына түскен. Олардың екеуі ақшаны өз еркімен қайтарса, қалған екеуімен соттасуға тура келген.

Оқиға 2026 жылдың маусым айында болған. Алаяқтар жәбірленушіге телефон шалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып қорқытқан және несиеге алған ақшасын өздері көрсеткен есепшоттарға аударуға мәжбүрлеген.

Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаннан кейін, екі белгісіз азаматтың әрқайсысы 1 млн теңгеден алғаны анықталды. Ал тағы 2,2 млн теңгені өзге алушылар өз еріктерімен қайтарып берген.

Қаражатты қайтарудан бас тартқан екі азаматқа қатысты талап-арызды Жамбыл облысының Талас аудандық соты қарап, жәбірленушінің талабын толық көлемде қанағаттандырды.

«Сот шешімімен екі жауапкердің әрқайсысынан негізсіз баю ретінде 1 млн теңгеден, сондай-ақ мемлекеттік баж өндірілді», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар