"Көлік, үй сатып алған": 117 млн теңгені қолды еткен бұрынғы бас дәрігер сотталды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданыдағы аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер 117 млн теңге көлемінде қаржы жымқырған. Олар ауруханаға қажетті медициналық жабдық сатып аламыз деп оның бағасын нарықтағы бағадан қымбат етіп көрсеткен. Түскен ақшаға үй мен көлік алған.
Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Аталған схеманы іске асыру үшін бірыңғай медициналық кешен бірнеше бөлек тауарға бөлініп, оларды сатып алу өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан жоғары құнмен рәсімделген.
Алайда іс жүзінде жабдықты жеткізіп, орнату жұмыстарын басқа ұйым жүзеге асырған.
«Нәтижесінде мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған», – деп нақтылады агенттік.
Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 24
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026