Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 10,8%-ға өсті

kz.kursiv.media

Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 10,8%-ға өсті

Қазақстанда 2025 жылы түпкілікті энергия тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға артты. Ал елдің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығы осы кезеңде 4%-ға ғана төмендеген. Бұл туралы Құрылтайда энергия үнемдеу мәселелеріне қатысты заң жобаларын таныстырған депутат Арман Қалықов мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы әлемдік орташа деңгейден шамамен екі есе, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің көрсеткіштерінен 3,6 есе жоғары.

Осыған байланысты ұсынылған екі заң жобасының негізгі мақсаты – жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету.

«Энергия үнемдеу экологиялық басымдық қана емес, елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып отыр», – деп мәлімдеді депутат.

Құжаттар энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, бюджеттік секторды қамтуды кеңейтуді және энергия тиімділігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Тағы да оқыңыз: Мектептер мен ауруханаларда энергия үнемдеу талаптары күшейтілуі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар