Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы өз ісін ҰҚК-ге беруді сұрады
«ҚазТемірТранс» компаниясының бұрынғы топ-менеджері Азамат Капенов өзіне қатысты тергеу ісін Қаржылық мониторинг агенттігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрады.
Әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде ол компанияға ешқандай залал келтірмегенін мәлімдеп, мемлекеттік аудит тағайындауды өтінді.
Капеновтің айтуынша, ол «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін Мемлекет басшысының атына хат жолдаған. Оның пікірінше, тергеу ісі өзіне қарсы қозғалған істің тапсырыс берушілері деп санайтын тұлғаларға жақын.
«Менің ісімді ҚМА-дан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұраймын, себебі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым аз бейім деп санаймын», – деп мәлімдеді Капенов.
Сонымен қатар, ол аудит нәтижесінде шығын анықталмаған жағдайда қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады. Сондай-ақ, Капенов болжамды рейдерлік әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға шақырды.
Публикация от Kapenov Azamat (@akapenov)
Қапеновке іздеу 2024 жылы жарияланған. Ал Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліпжатқанын хабарлады.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026