"Бәйтерек" холдингі бизнеске несие беру үшін 4,1 трлн теңге бөлді
«Бәйтерек» ұлттық холдингі 2026 жылы банктердің кәсіпкерлерге несие беруін қолдауға 4,1 трлн теңге бөлді. Жалпы биыл экономиканы қолдауға 8 трлн теңге қарастырылған (бұл сомаға тұрғын үй бағдарламалары кірмейді). Бұл туралы вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Холдинг басшысы Рустам Қарағойшин 2025 жылдың есебін баяндады. Былтыр «Бәйтерек» екінші деңгейлі банктермен бірігіп, 6,5 мыңға жуық кәсіпкерге 3,56 трлн теңгеден астам несие берген.
Одан бөлек, қазір құны 12 трлн теңге болатын 20 ірі жоба іске асып жатыр. Оған қажетті қаржының 43 пайызға жуығын банктер мен халықаралық қаржы ұйымдары құйған.
Енді холдинг қаржы бөлу тәсілін өзгертеді. «Бәйтерек» тікелей қаржыландыруды тек шикізатқа жатпайтын саладағы ірі жобаларға ғана бағыттайды.
Ал құны 15 млрд теңгеден аспайтын жобалармен екінші деңгейлі банктер айналысады.
Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы бойынша бір жобаға берілетін ең жоғары несие сомасы 15 млрд теңгеге дейін көтерілді.
Жиында инвесторларға көмектесудің жаңа жүйесі де таныстырылды. Енді әрбір жобаға жеке менеджер бекітіліп, жұмыстың басынан аяғына дейін бақылайтын арнайы цифрлық жүйе іске қосылады.
Бұдан бөлек, кездесуде ипотека, венчурлық жобалар, отандық экспорттаушыларды қолдау және энергетика мен коммуналдық саланы жаңарту мәселелері сөз болды.
8 трлн теңге кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалуы тиіс. Қаржы бөлінген жобалар жүзеге асса, еліміздің ЖІӨ-сі қосымша 1,3%-ға өспек.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 24
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026