Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ыстанбұлда 30 сағат бойы іздестірілген жануар арыстан болмай шықты

kz.kursiv.media

Ыстанбұлда 30 сағат бойы іздестірілген жануар арыстан болмай шықты

Түркияның Ыстанбұл қаласында арыстан жүргені туралы ақпарат расталмады. Құтқарушылар мен жандармерия қызметкерлері шамамен 30 сағат бойы іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, жыртқыштың жүргенін дәлелдейтін нақты дерек табылмаған. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Оқиға 23 қарашада Ыстанбұлдың Сарыер ауданындағы Ускумрукөй шағынауданында басталған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған белгісіз жануарды тұрғындар ұрғашы арыстанға ұқсатқан.

Осыдан кейін аймақта ауқымды іздестіру жұмыстары басталды. Оған жандармерия, құтқарушылар, ветеринарлар және арнайы жасақ қызметкерлері жұмылдырылған.

Қауіпсіздік мақсатында Белград орманына жаяу жүргіншілер мен көліктердің кіруіне уақытша тыйым салынды. Мамандар жануарды іздеу үшін жылу камераларымен жабдықталған дрондар мен қозғалысты анықтайтын камераларды пайдаланған.

24 қарашада Ыстанбұл губернаторлығы іздестіру жұмыстарының нәтижесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Мамандар оқиға орнын зерттеп, жануардың әртүрлі ракурстан түсірілген жаңа бейнежазбаларын талдаған. Нәтижесінде камераға түскен жануар арыстан емес деген қорытындыға келген. Губернаторлықтың мәліметінше, жүргізілген іздестіру барысында аймақта арыстанның болғанын растайтын нақты дәлел анықталмаған. Алайда тұрғындарды дүрліктірген жануардың нақты қандай аң екені әзірге белгісіз.

25 қарашадағы жағдай бойынша Түркияның ресми органдары арыстанның табылғаны немесе ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған жоқ.

Оқи отырыңыз: Ыстанбұлдың үнсіз тұрғындары: мысықтар қаласының тарихы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар