Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Халықтық құрылыс" жобасының қаржысын журналистер мен бизнесмендер бақылайды

kz.kursiv.media

Халықтық құрылыс жобасының қаржысын журналистер мен бизнесмендер бақылайды

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамын бекітті.

Комиссия жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді бақылауға алады. Мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлеуі керек.

Комиссия төрағасы болып Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бекітілді. Ал орынбасары – президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров. Одан бөлек премьер-министр орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов бар. Бас прокурордың орынбасары, ҰҚК төрағасының орынбасары, Ұлттық банк төрағасының орынбасары мен Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары енген.

Комиссия мүшелерінің қатарында «Dos.co» жеке меншік қорының директоры Айнұр Аймұрзина, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Зенченко және компания» серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы кәсіпкер Андрей Шин бар.

Құрылтай депутаттары Юлия Кучинская, Тамабек Әбілхайыр, Марат Қожаев, Сергей Пономарев бар. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева да енген. Комиссия құрамында «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Нұрбек Бекбау, «Другие места» жобасының жүргізушісі Ренат Ташқынбаевтың да есімі жүр.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасын Тоқаев алғаш рет 28 қазандағы Жолдауында ұсынған еді.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ», – деді ол.

Жобаға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар