Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Энергияны тиімсіз пайдаланған мекемелерге айыппұл салу ұсынылды

kz.kursiv.media

Энергияны тиімсіз пайдаланған мекемелерге айыппұл салу ұсынылды

Депутаттар энергия тиімділігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен қызметтерді сатып алған мекемелерге айыппұл салуды ұсынды. Бұл ұсыныс «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заң жобасында қамтылған.

Заң жобасына сәйкес, энергия тиімділігі бойынша белгіленген талаптарға сай келмейтін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жол берген лауазымды тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жауапқа тартылуы мүмкін.

Заң жобасын таныстырған депутат Арман Қалықов бұл өзгерістер энергия үнемдеу саласындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын айтты.

Ұсынылған түзетулер мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда энергияны аз жұмсайтын технологияларды көбірек қолдануға мүмкіндік беруді көздейді. Яғни мекемелер тауар немесе қызмет сатып алғанда оның энергияны қаншалықты тиімді пайдаланатынын да ескеруі керек.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тағы да оқыңыз: Мектептер мен ауруханаларда энергия үнемдеу талаптары күшейтілуі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар