Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазатомөнеркәсіптің" ұсталған, қызметінен алынған топ-менеджерлері жайлы не білеміз

kz.kursiv.media

Қазатомөнеркәсіптің ұсталған, қызметінен алынған топ-менеджерлері жайлы не білеміз

Бүгін ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджерлері ұсталғанын хабарлады. Басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков және аты аталмаған өзге де тұлғалар «Самұрық-Қазына» компаниясының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан деген күдік бар. Kursiv.Media олардың еңбек жолына көз жүгіртіп көрді.

Ұсталған Қуаныш Омарбеков еңбек жолын 2011–2013 жылдары «Қазатомөнеркәсіп жолдары» сауда-көлік компаниясының филиалынан бастаған. Алғашында инженер, кейін осы компанияның материалдық-техникалық басқармасында жетекші маман, бас маман және бас менеджер қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары «KAP Logistics» ЖШС (бұрынғы «Торгово-транспортная компания») бас директоры қызметін атқарған, 2022-2023 жылдары – «Ақбастау» БК» АҚ бас директоры болған.

2023 жылғы маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры қызметіне тағайындалды. Сол жылдың 29 маусымынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі болды. Ал 2023 жылғы 23 қарашадан бері «Үлбі металлургия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Омарбеков тікелей өндіріс орындарына жауапты болған еді.

ҰҚК ресми хабарламасында тек Қуаныш Омарбековтің атын ғана атаған. Ұсталған өзге тұлғалардың кім және қанша екені белгісіз. Дегенмен дәл осы уақытта «Қазатомөнеркәсіп» кадрлық өзгерістер жасап, Омарбеков пен Владислав Байгужинды басқарма құрамынан шығарып тастады.

Владислав Байгужин 2024 жылғы сәуірде «Қазатомөнеркәсіптің» коммерция жөніндегі бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол 12 жылдан астам уақыт «Самұрық-Қазына» тобында сатып алу саласындағы басшылық қызметтерде жұмыс істеген. Қордағы соңғы қызметі – сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры.

Қазір компанияның басқарма төрағасы – Мейіржан Юсупов. Бұл қызметте 2023 жылдан бері отыр, оған дейін ұлттық экономика вице-министрі болған. Одан бөлек тағы үш адам бар:

2026 жылғы сәуірде компания басқарма құрамын сегіз адамнан алты адамға дейін қысқартқан. Сол кезде басқарма құрамынан HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Жанат Өмербеков пен құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор Ермек Қуантыров кеткен.

«Қазатомөнеркәсіп» – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2025 жылы оның үлесіне әлемдік уран өндірісінің шамамен 20%-ы тиесілі болды. Компанияның акциялары Лондон қор биржасы мен АХҚО биржасында саудаланады. Ірі акционері – «Самұрық-Қазына» қоры.

Бұл уақытта Қазақстан қор биржасында (KASE) «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 1,49%-ға арзандап, 25 513 теңгеге түсті.

12 қарашада ҰҚК қызметкерлері «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті ұстағаны белгілі.

Артынша әлеуметтік желілерде Астанадағы Қонаев көшесіндегі Atlant тұрғын үй кешенінің жанында доллар шашылған видеолар тарады. Тұрғындар ақша 12-қабаттан түскенін айтса, бір куәгер ақша салынған сегіз сөмке көргенін жеткізген.

Бірақ ҰҚК бұл оқиғаның ұсталған басшыларға қатысын ресми түрде растаған жоқ.

Ал 18 қарашада ҰҚК Жақыпов пен Отыншиевтің 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалып, 14 қарашада тергеу соты санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар